Қазақстандық падел ойыншылары әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық падел федерациясы ойыншылардың жаңартылған әлемдік рейтингісін жария етті.

Фото: Қазақстан падел федерациясынан

Қазақстан падел федерациясынан мәлім еткеніндей, Жәнібек Үмбетов 9 сатыға көтеріліп, қазіргі кезде FIP әлемдік рейтингісінде 482-орында тұр. Соның нәтижесінде Ж.Үмбетов Қазақстанның бірінші ракеткасы мәртебесін нығайтты. 

Сондай-ақ Родион Пак 6 саты қосып, 525-орынға көтерілді. Евгений Данилов 573-орыннан көрінді. Қазақстандықтар Алдияр Мұздыбаев, Жақас Қозыбақ, Никита Сидоров сәйкесінше 794, 910 және 1 232-орынға орналасты.

18 жасқа дейінгілер арасында FIP Tour Азия рейтингісінде төрт қазақстандық ойыншы ТОП-50-ге кірді. Арнұр Тұрсынхан мен Ислам Дүйсенғазин 17-орынға, Санжар Жуасов пен Тимур Ахметов 31-сатыға көтерілді.

Бұл Қазақстан падел федерациясы құрылғаннан бергі екі жыл мерзімде аталмыш ойын түрінің елімізде кеңінен дамып келе жатқанын көрсетеді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын паделдің алғаш рет Азия ойындарының бағдарламасына енгенін жазған едік. 

Сондай-ақ қазақстандық падел шеберлерінің әлемдік рейтингідегі орындары белгілі болды.