АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық падел федерациясының (FIP) жаңартылған рейтингісінде қазақстандық спортшылар өз нәтижелерін анағұрлым жақсартты. Ерлер арасында бірнеше қазақстандық паделші жеке рекордтарына қол жеткізді. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Жәнібек Үмбетов бірден 57 сатыға жоғарылап, 466-орынға көтерілді.
Дамир Дүйсенғазин көрсеткішін 335-ке жақсартып, ТОП-900-ге жақындады.
FIP рейтингісінде қазақстандықтардың нәтижелері (ерлер):
Жәнібек Үмбетов — 466-орын ( 57),
Родион Пак — 474 ( 19),
Алдияр Мыздибаев — 657 ( 32),
Жақсылық Қозыбақ — 734 ( 90),
Евгений Данилов — 753,
Дамир Дүйсенғазин — 972 ( 335).
Әйелдер арасында Мария Синицына 510-нан 455-ке ( 55), ал Әйгерім Сүлеймен 806-дан 613-ке ( 193), Татьяна Георгадзе 806-дан 662-ге ( 144) көтерілді.
Қазақстандық жастар Азия FIP Promises рейтингісінде бірнеше жас ерекшелігі бойынша ТОП-5-ке еніп тұр. Арнұр Тұрсынхан мен Ислам Дүйсенғазин U16 санатында екінші, ал 18 жасқа дейінгілер арасында төртінші орында келеді. Қыздар арасында U18 санаты бойынша София Пак төртінші сатыға шықса, Айлин Амантай мен Әдия Бектемісова 8-орынды бөлісіп тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас падел шеберлері Азия рейтингісінде үздіктер қатарына енгенін жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).