Қазақстандық пара велоспортшылар Азия пара ойындарының қола жүлдегері атанды
10:27, 26 Қазан 2023
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kazinform ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Команда мүшелері: Кенжеғұл Сейітжан мен Антон Лаврентьев. Олардың уақыт көрсеткіші 25:19:49.
Алтын медальді Оңтүстік Корея құрамасы иеленді ( 23:13.71), ал күміс медаль индонезиялық пара велоспортшылар еншісінде (25:12.17).