Қазақстандық садақшылар Түркиядағы Әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы садақ атудан Түркияның Анталья қаласында өтетін Әлем кубогының үшінші кезеңіне қатысады, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Фото: ҰОК

Алдағы жарысқа қатысушылар тізімін халықаралық World Archery федерациясы жариялады.

Қазақстан құрамасының алдын ала тізімі төмендегідей:

Классикалық садақ ату: Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Иван Берча, Дастан Кәрімов, Александра Землянова, Диана Тұрсынбек, Медина Мұрат, Самира Жұмағұлова.

Блоктық садақ ату: Виктория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова, Диана Юнусова, Андрей Тютюн, Ақбарәлі Қарабаев, Бунед Мирзаметов, Мұса Ділмұхамет.

Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 9-14 маусым аралығында өтеді.

Бұдан бұрын қазақстандық садақшылар Азия кубогында тағы екі алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.