Әлемдік додада Қазақстанның намысын қорғаған ол Ресей, Бразилия, Уругвай, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран және Оңтүстік Корея спортшыларымен күш сынасты.
Қазақстандық сарбаз төрт қарсыласын мерзімінен бұрын жеңсе, тағы үшеуін ұпай санымен жеңді. Алтын үшін белдесуде Мерхат Тұяқов ресейлік спортшыдан басым түсіп, әлем чемпионыатағына қол жеткізді.
Мерхат джиу-джитсумен бес жылдан бері айналысса да әлемдік деңгейдегі жарыстарға алғаш рет қатысып отыр. Бұған дейін ол еркін күрес пен қоян-қолтық ұрыспен айналысқан.