АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының семсерлесуден шпага сайысындағы өкілі Кирилл Проходов Өзбекстанның Ташкент қаласындағы юниорлар арасындағы әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды.
Жартылай финалда қазақстандық семсерлесуші алаң иесі Камронбек Исмоиловты (Өзбекстан) 15:6 есебімен жеңді.
Ал шешуші сында Кирилл Проходов Тайбэй өкілі Чень Бин-Юннан басым түсіп, кездесуді 15:7 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Еске сала кетейік, бұған дейін семсерлесуші Руслан Құрбанов Канададағы әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енгенін жазған едік.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.