Қазақстандық семсерлесушілер Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шықты

Фото: Тұрар Қазанғапов/ҚР ҰОК

  АСТАНА. KAZINFORM – Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль үшін күреседі.

Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов семсер қаруымен айқасудан жартылай финалда сәтті өнер көрсетті. ҚР ҰОК мәліметінше, отандастарымыз Оман құрамасын 45:26 есебімен жеңді.

Айта кетейік, джиу-джитсу шебері Алдияр Серік Ислам ойындарының жеңімпазы атанды.

Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында үшінші орыннан көрінді.

София Ақтаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль жеңіп алды.