Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов семсер қаруымен айқасудан жартылай финалда сәтті өнер көрсетті. ҚР ҰОК мәліметінше, отандастарымыз Оман құрамасын 45:26 есебімен жеңді.
Айта кетейік, джиу-джитсу шебері Алдияр Серік Ислам ойындарының жеңімпазы атанды.
Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында үшінші орыннан көрінді.
София Ақтаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль жеңіп алды.