Қазақстандық семсерлесушілер Италиядағы әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан ерлер құрамасы Италияның Падуя қаласында өтетін қылыштасудан әлем кубогының кезеңіне қатысады. 

Фото: ҰОК

Құрамада 7 спортшы бар. Атап айтар болсақ, әлемдік додада Артем Саркисян, Бексұлтан Абжал, Қуаныш Ерғашбай, Жанат Нәбиев, Қайназар Нұрқатұлы, Назарбай Саттархан және Нұрмұхаммед Жайлыбай бақ сынайды. 

Әлем кубогының кезеңі 17-19 сәуір аралығында өтеді. 

Еске салсақ, 2023 жылы Падуядағы жарыста Артем Саркисян күміс медаль иеленген болатын. 

Сондай-ақ бұған дейін Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) қаласында семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы жүлде түскенін хабарлаған едік.