Қазақстандық семсерлесушілер Оңтүстік Кореядағы Гран-приде бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM – Ертең, 1 мамырда Инчхон қаласында (Оңтүстік Корея) қылыштасудан Гран-при санатындағы халықаралық турнир басталады.

Фото: ҰОК

Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының тоғыз спортшысы бақ сынайды.

Инчхондағы турнирде ел намысын Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходько, Әйгерім Сарыбай, Назарбай Саттархан, Нұрмұхаммед Жайлыбай, Қуаныш Ерғашбай, Жанат Нәбиев және Артем Саркисян қорғайды.

Айта кетейік, Гран-при жарысы 3 мамырға дейін жалғасады.