Қазақстандық семсерлесушілер Рио-де-Жанейродағы әлем біріншілігінде бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM – 1 сәуірде Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден әлем чемпионаты басталады.

Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, әлем біріншілігіне 1 000-нан астам спортшы қатысады. Қазақстан құрамасының атынан 17 семсерлесуші өнер көрсетеді. 

Қылыш (жасөспірімдер)

- Нұрмұхаммед Жайлыбай

- Ерхан Қараман

- Қанағат Шерім

- Сұлтан Станбек

- Әдемі Серікбай

- Қайша Жәнібек

- Наргиз Сайдуллаева

Қылыш (кадеттер)

- Айбар Қайым

Шпага (жасөспірімдер)

- Кирилл Проходов

- Нұржан Әбжанов

- Нариман Уәлихан

- Жанарбек Жанұзақов

Шпага (кадеттер)

- Александр Шешин

- Полина Лесовская

Рапира (жасөспірімдер)

- Тимофей Семенов

- Мансұр Естеу

- София Актаева

Айта кетейік, әлем чемпионаты 9 сәуірде аяқталады. 

Бұдан бұрын Қазақстан семсерлесуден өткен өз еліндегі әлем кубогын бір медальмен аяқтағанын хабарлағанбыз.