Қазақстандық сейсмологтер Ауғанстан аумағында жер сілкінісін тіркеді
21:34, 29 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Астана уақытымен 16:24-те жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 865 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.
Эпицентрдің координаттары: 36.956° солтүстік ендік, 70.864° шығыс бойлық. Тереңдігі – 120 км.
Есептік қарқындылығы (баллмен): сезілмейді.
Бұдан бұрын 17 шілдеде Ауғанстан аумағында тағы да жер сілкінісі тіркелген еді.