Алғашқы жарыста Васильев 19-орынға ие болса, Мизерных 49-орынға тұрақтады. Австриялық Штефан Эмбахер жеңіске жетті. Норвегиялық Халвор Эгнер Гранеруд екінші, австриялық Раффаэль Циммерманн үшінші орын алды.
Екінші жарыстың қорытындысы бойынша Васильев 29-орынға, Мизерных 39-орынға орналасты. Бұл сында норвегиялық Кристоффер Эриксен Сундал жеңімпаз атанды. Австриялық Раффаэль Циммерман екінші, норвегиялық Исак Андреас Лангмо үшінші орын алды.
Қазақстандық Святослав Назаренко мен Нұршат Тұрсынжанов іріктеу кезеңінен өте алмады.
Бұған дейін шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Данил Васильев жазғы Гран-при жарыстарының жалпы есебінде үшінші орынға ие болған еді.