Қазақстандық шаңғышылар қысқы Азия ойындарында қола медаль еншіледі
12:15, 12 Ақпан 2025
ЯБУЛИ. KAZINFORM – Қытайда өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарының ерлер арасындағы шаңғымен сырғанаудан 4Х7.5 шақырымдық эстафета жарысы өз мәресіне жетті.
Жарыс жолына қазақстандық спортшылардан Олжас Климин, Владислав Ковалев, Константин Борцов және Наиль Башмаков шықты. Қортындысында отандастарымыз 1 сағат 12 минут 54.7 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын үшінші болып кесті.
Қытай құрамасы 1 сағат 12 минут 09.6 секунд нәтижемен чемпион атанса, жапондық спортшылар екінші орынан көрінді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Харбин қысқы Азия ойындарындағы бесінші қола медалін ел қоржынына салды.
Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық шаңғышы қыздар 4Х5 шақырымға сырғанаудан эстафетада күміс медаль жеңіп алды.