ОРАЛ. KAZINFORM – Нидерланд корольдігінің Херенвен қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасында әлем кубогінің 3-кезеңі мәресіне жетті.
Спорттық дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қыздар арасындағы 3 мың метрлік эстафетада Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болды.
Ел намысын Алина Әжіғалиева, Полина Омельчук, Анастасия Астраханцева, Зейнеп Құмарқан және Гүлдана Жалмұхан қорғады.
А тобы, финал:
Оңтүстік Корея – 4:17.683 секунд,
Қазақстан – 4:19.480,
Нидерланд – 4:33.236.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының нақтылауынша, Алина Әжіғалиева мен Гүлдана Жалмұхан – батысқазақстандық шорттрекшілер.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).