АСТАНА. KAZINFORM – Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан лицензиялық Әлем Кубогының кезеңінде Ұлттық құрама спортшысы Валерий Рахымжан финалға шығып, 5-сатыдан көрінді.
Валерий 10 метрден тапаншамен нысана көздеудің ақтық сынында 176 ұпай жинап, 8 мергеннің арасында бесінші болды. Өкінішке қарай, ол Олимпиада лицензиясына қол жеткізе алмады. Жүлде Италия, Беларусь және Германия спортшысына бұйырды.
Іріктеуде отандасымыз 584 балл алып, 4-орынмен финалға шыққан.
Айта кетейік, Бразилиядағы Әлем Кубогында 76 мемлекеттен келген 466 спортшы шеберлік байқасып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін қазақстандық жеңіл атлет Жанна Мамажанова Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.