АСТАНА. KAZINFORM — Польшаның Познань қаласында байдарка мен каноэде есуден әлем чемпионаты басталды.
Әйелдер арасында каноэде 200 метрлік жұптық жарыста Мария Бровкова мен Ульяна Киселева іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті.
Отандастарымыз қашықтықты 46.61 секундта жүзіп өтіп, өз тобында үшінші болып мәреге жетті. Осылайша, ақтық сынға жолдама алды.
Айта кетейік, бұл бағдарлама бойынша финал 29 тамызда өтеді.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық волейболшылар Азия чемпионатындағы өнерін аяқтағанын хабарлаған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.