Жабық ғимаратта биіктікке секіруден әлем чемпионатының қола жүлдегері және Қазақстанның жеңіл атлетикадан ұлттық құрамасының мүшесі Надежда Дубовицкая керемет нәтижелерге қол жеткізген спортшылардың сондай-ақ референдумда дауыс беруге белсенді қатысып отырғанын атап өтті.
- Ыстықкөлдегі жаттығу лагерінде жүріп, бізде азаматтық борышымызды орындауға және Бішкектегі референдумда дауыс беруге мүмкіндік бар болып, оған жағдай жасалғанына ризамын. Біздің дауыстарымыздың осы маңызды күні саналып жатқаны қуантып отыр. Мен үшін бұл процестің бір бөлігі болу үлкен құрмет, - деді қазақстандық спортшы.
Қазақстан Республикасының спринт және кедергілермен жүгіру құрамасының аға жаттықтырушысы Дмитрий Кобловтың хабарлауынша, команда Ыстықкөлде оқу-жаттығу жиынына қатысып отыр және спортшылар бүгін референдумда дауыс беру үшін Бішкекке ұзақ сапар шекті.
Осыған дейін қазақстандықтардың Қырғызстанда референдумда дауыс беріп отырғанын хабарладық.