АСТАНА. KAZINFORM — Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан 2024 жылғы Олимпиадалық ойындарда қазақстандық спортшылар жарысты толық аяқтады.
Еркін күресте Әлішек Ерғали (97 келі) жұбаныш белдесуінде бүгін сынға түсті. Бұл бәсекеде қазақстандық балуан ирандық Амир Али Азарпирге есе жіберді. Салдарынан ол қола жүлдеге қол жеткізе алған жоқ. Осылайша ел құрамасынан соңғы болып жарысты аяқтады.
Айта кетсек, Париж Олимпиадасында қазақстандықтар 25 спорт түрінен 92 жолдамаға ие болған еді.
Ел құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен әзірше 41орынға тұрақтап тұр.
Париж Олимпиадасы бүгін мәресіне жетеді. Салтанатты жабылу рәсімі Астана уақытымен 23:00-ге жоспарланған.
Ойындардың жабылуын тікелей эфирден 23:15-те JIBEK JOLY, Qazaqstan, Qazsport және Хабар телеарналарында көруге болады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.