АСТАНА. KAZINFORM - Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан әлем кубогінде қола жүлдегер атанды.
Ел құрамасы жартылай финалдық сайыста Италиядан 45:35 есебімен басым түсіп, үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетсек, аталған жарыста еліміздің ерлер құрамасы 2024 жылғы Париж Олимпиадасына лицензия алды,
Ел құрамасы сапында Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов сынға түсті. Енді олар Олимпиадада командалық сында жүлдеге таласады. Ал жекелей сында 3 спортшы бақ сынайды.
Грузиядағы кезеңде ерлер құрамасы Швецияны (45:32), сосын Германияны (45:36) жеңіп ширек финалға шықты. Қатар өткен кездесуде Оңтүстік Корея құрамасы Чехиядан жеңіліп, Қазақстан әлем рейтингінде үздік 4 команданың сапында қалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.