Қазақстандық спортшылар таэквондодан Аустриядағы турнирде төрт медаль алды

Фото: Қазақстан таэквондо федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM - 14 маусым Аустрияда таэквондодан (WT) AustrianOpen турнирі аясында жасөспірімдер мен жастар арасында жарыстар өтті.

Қазақстан жасөспірімдер мен жастар құрамасы халықаралық додадан 1 алтын, 3 қола жүлде жеңіп алды. 

Ел құрамасынан МирасПазылов (33 келі) жеңіс тұғырына көтерілсе, Ралиф Сазазов (49 келі), Әлихан Өмірәлі (57 келі) мен Айгерім Бекжанқызы (68 келі) қола медальға қол созды.

Сондай-ақ еліміздің ересектер құрамасы аталған халықаралық жарысқа қатысады.

Халықаралық жарыста ел құрамасы сапында Азиза Қаражанова (53 келі), Айдана Сүндетбай (53 келі), ⁠Мария Севостьянова (57 келі), ⁠Камила Аймұқашева (62 келі) жарыс жолына шығады.

Сондай-ақ ⁠Бекзод Қадырқұлов (54 келі), Артур Серік (54 келі), Изят Касанов (63 келі), Бекасыл Ергеш (74 келі), Мерей Мәлік (74 келі), ⁠Мерген Ганиев (80 келі), ⁠Мейір Нұрғазин (87 келі), Нұрқанат Қожахмет (87 келі), ⁠Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары), ⁠Бауыржан Хасенов (87 келіден жоғары) ел намысын қорғайды