Қазақстандық спортшының Азиададағы жеңісі дауға ұласты

НАГОЯ.KAZINFORM — Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбанваның Жапониядағы өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында жеңіп алған алтын жүлдесі әлі ресми есепке алынған жоқ.

Фото: Арлан Олжабай

Азия ойындары сайтында қазақстандық спортшының нәтижесі ресми танылған жоқ. Жарыс қорытындысы қарсыластың шағымына байланысты қайта қаралып жатыр.

Қазірге, ұйымдастыру көмитеті және ҚР Жеңіл атлетика федерациясы осы мәселеге байланысты нақты мәлімдеме жариялаған жоқ.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ясмина Тоқсанбаева бүгін әйелдер арасында спорттық жүрістен марафон қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секунда бағындырып, мәреге бірінші болып жетті.

Сонымен қатар, қазақстандық семсерлесушілер ел қоржынына алтын медаль салды.