Бұл бұрылмалы вертикализатор сал ауруымен ауыратын науқастарды жұлын және бас миының жарақатынан, сондай-ақ ұзақ уақыт (төсек тартып) жатқаннан кейін оңалту үшін және т.б. қолданылады. Ол қолданысқа өте жеңіл әрі ыңғайлы, көлденең позицияда (максимум) 80 градусқа көтеріледі, сондықтан ол медициналық процедуралар жасау үшін тиімді құрал болып саналады.
Вертикализаторды жасап шығару Мейкатон TOM Almaty фестивалі аясында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының, сондай-ақ Инклюзивті білім беруді қолдау және сүйемелдеу орталығының белсенді араласуының арқасында мүмкін болды.
«Машина жасау» кафедрасы жанындағы Студенттік конструкторлық бюро оқытушылары мен қызметкерлерінің тәлімгерлермен бірлесіп әзірлеген вертикализатор ерекше күтімді қажет ететін жандарға жаңа мүмкіндіктер береді. Құрылғының жан-жақтылығы мен тиімділігі дер кезінде көмек алатын адамдардың санын көбейтеді.