АСТАНА. KAZINFORM — Қатар астанасы Доха қаласында 2-18 ақпан күндері су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Бұл — 2024 жылғы Париж Олимпиадасының соңғы лицензиялық турнирі.
Су спорты түрлерінен әлем чемпионатында суға жүзу, ашық суда суға жүзу, көркем жүзу, биіктен суға секіру, су добы спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады.
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы алдын ала іріктеу сатысында А тобында Бразилия, АҚШ және Нидерландпен шеберлік байқасады.
Сондай-ақ ерлер құрамасы D тобында Румыния, Италия және Венгриямен кездеседі.
Қазірге дейін жазғы Олимпиадада 2016 жылы суға жүзуші Дмитрий Баландин 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде чемпион атанған еді.
Қазақстандық спортшылар әзірге дүбірлі додада одан өзге жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.
Париж Олимпиадасы 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралғында өтеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.