Қазақстандық таеквондошы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болды
АСТАНА. KAZINFORM – Фуджейра қаласында (БАӘ) таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Фото: Қазақстан таеквондо WT федерациясы
Жарыстың алғашқы күнінде 61 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған қазақстандық Ромашкин Хамзаальпер жеңімпаз атанды.
Фото: Қазақстан таеквондо WT федерациясы
Ромашкин финалда 0:11 есебімен канадалық Никола Самордичқа есе жіберіп тұрып, үшінші раундтың аяқталуына 20 секунд қалғанда, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп – 17:15. Ромашкин Хамзаальпер әлем чемпионатының финалына дейін Иордания, Иран, AIN және Тайпей өкілдерімен кездесіп, оларды тізе бүктірді.
Фото: Қазақстан таеквондо WT федерациясы
Дүниежүзілік додаға 80 елден 811 жасөспірім таеквондошы қатысып жатыр. Әлем чемпионаты 14 мамырға дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қытайдағы турнирде таеквондошы Батырхан Төлеуғалидың жартылай финалға шыққанын жазған едік.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).