АСТАНА. KAZINFORM — Таеквондодан Чхунчхон (Оңтүстік Корея) қаласында өтетін командалық әлем кубогына қатысатын Қазақстанның құрамасы жарияланды.
Ауқымды халықаралық турнирде ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімі келесідей:
- Мақсат Орынбасар;
- Абдурахмон Марипов;
- Әнуар Мұхаметкарымов;
- Батырхан Кусетов;
- Камила Аймұқашева;
- Аида Тәукенова;
- Аружан Найманбаева;
- Нұрай Қазнабек.
Айта кетейік, командалық Әлем кубогы 14-16 шілде аралығында өтеді.
Еске салайық, бұған дейін 2030 жылғы қысқы Олимпиаданың жарыс бағдарламасы бекітілгенін жазғанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Еңбек жолын Baribar.kz порталында бастаған. Түрлі басылымда қызмет еткен. 2025 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы қызметін атқарады.