Қазақстандық таеквондошылардың жеңісі қанша тұрады: Федерация сыйақы көлемін жариялады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық таеквондошылардың халықаралық аренадағы жеңісі қомақты сыйақымен ынталандырылады. Таеквондо (WT) федерациясы Олимпиада, әлем және Азия чемпионаттары мен Азия ойындарында жүлде алған спортшыларға және олардың жеке жаттықтырушыларына берілетін сыйақы мөлшерін жариялады.

Фото: Kazinform/ЖИ

Федерацияның мәліметінше,

  • Олимпиада чемпионы атанған спортшыға 250 мың АҚШ доллары,
  • Күміс жүлдегерге — 50 мың, 
  • Қола жүлдегерге — 20 мың доллар беріледі. 

Олардың жеке жаттықтырушылары тиісінше 100 мың, 20 мың және 10 мың АҚШ доллар көлемінде сыйақы алады.

Әлем чемпионаты және Азия ойындары:

  • Алтын — спортшыға $125 мың, жаттықтырушыға $50 мың
  • Күміс — спортшыға $10 мың, жаттықтырушыға $5 мың
  • Қола — спортшыға $5 мың, жаттықтырушыға $2,5 мың

Азия чемпионаты:

  • Алтын — спортшыға $50 мың, жаттықтырушыға $15 мың
  • Күміс — спортшыға $5 мың, жаттықтырушыға $2,5 мың
  • Қола — спортшыға $3 мың, жаттықтырушыға $1,5 мың

Федерация үшін спортшылардың жоғары нәтижесімен қатар, сол жетістікке үлес қосқан жаттықтырушылардың еңбегін лайықты бағалау маңызды.

Бұған дейін қазақстандық таеквондошылар Altaic Cup турнирінде 18 медаль жеңіп алған болатын.