АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева жұптық сында Остин (АҚШ) ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты.
Соня Жиенбаева америкалық Саванна Бродуспен бірге жартылай финалда венесуэлалық София Елена Кабезас Домингес — америкалық Ерин Кайетаномен ойнады.
Бірінші партияда қазақстандық-америкалық жұп айқын басымдылық танытты — 6:1. Олар екінші сетте де есесін жібермеді — 6:4.
Бәсеке 1 сағат 14 минутқа созылды.
Соня Жиенбаева — Саванна Бродус финалда америкалықтар Виктория Осигве — Алана Смитпен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Тағы бір қазақстандық Аружан Сағындықова жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 жарысында жартылай финалға дейін жетті.
Аружан мысырлық Ясмин Эззатпен бірге жартылай финалда германиялық Карла Бартель — чехиялық Амели Хейтманковаға есе жіберді — 6:7 (5:7), 4:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына жолдама алғанын жазған едік.
Сондай-ақ Елена Рыбакина бірегей табысымен Гиннестің рекордтар кітабына екінші рет енді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).