Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 338-ракеткасы Дмитрий Попко АҚШ-тағы Палм-Коуст ITF турнирінің ширек финалына өтті.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алдымен дүниежүзілік рейтингіде 1 238-орында тұрған америкалық Александер Разегиді тізе бүктірді – 6:4, 6:4.
Попко екінші айналымда тағы бір америкалық, рейтингіде 781-орындағы Феликс Корвиннен дәл сондай есеппен айласын асырды.
Дмитрий жартылай финалға шығу үшін әлемнің 821-ракеткасы, АҚШ өкілі Аксель Нефвемен таласады.
Қазақстандық теннисші бір апта бұрын Санрайздағы дәл осындай додада жеңімпаз атанған еді. Соның барысында А.Нефвені 6:7 (9:11), 7:5, 6:2 есебімен жеңген болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың Роттердамда сенсация жасап, әлемнің 7-ракеткасын ұтқанын жазған болатынбыз.
Елена Рыбакина Дохада АҚШ чемпионатының финалисін жеңіп, жартылай финалға шықты.