АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 358-ракеткасы Дмитрий Попко Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтіп жатқан челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 236, осы жарыстың 4-ракеткасы, аргентиналық Андреа Колларинидің мысын басты.
Дмитрий Попко екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта қарсыласынан 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. Ол 5 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
А.Колларини 7 брейк-пойнттың екеуін ғана жүзеге асырды.
Дмитрий Попко финалға шығу үшін әлемнің 241-ракеткасы, тағы бір корт иесі Факундо Баньиспен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Испанияда жарыстың бірінші ракеткасын ұтқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).