АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 271-ракеткасы Тимофей Скатов Острава (Чехия) челленджер турнирін сәтті бастады.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда рейтингіде 1697-орында тұрған чехиялық, 17 жастағы Ян Кумстатты оңай жеңді.
Т.Скатов бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта жас спортшыны 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Тимофей 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.
Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 216-ракеткасы, испаниялық Даниэль Ринконмен шеберлік таластырады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мадрид мастерс турнирінде Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваның бақ сынайтынын жазған болатынбыз.
Бейбіт Жұқаев әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішіне қол жеткізді.
Әмір Омарханов Мадрид мастерс турнирінде ойнаған ең жас қазақстандық атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).