Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Мысырдағы турнирдің финалына өтті
20:41, 08 Желтоқсан 2023
Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Kazinform.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Г.Ломакин украиналық Вадим Урсумен жартылай финалда германиялықтар Тим Руехл — Макс Вискандқа қарсы келді.
Тартысты өткен матчта бірінші партияда германиялық жұп тай-брейкте сәтті ойнады — 7:6 (7:5).
Есесіне екінші сетте қазақстандық-украиналық дуэт қарымта қайырды — 6:3. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 10:6.
Григорий Ломакин — Вадим Урсудың финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Мысырдағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған едік.