Қазақстандық, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев Тенерифе (Испания) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды Kazinform.
Іріктеу сайысының 1-ракеткасы болып тіркелген Д.Евсеев бастапқы кездесуін испаниялық Кенай Ортис Гонсалеспен өткізді.
Қазақстандық теннисші бірінші партияда 6:3 есебімен басымдық танытса, екіншісінде тіпті бет қаратқан жоқ – 6:0.
Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Евсеев 2 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 2 эйспен ғана шектелді.
Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 309-ракеткасы, түркиялық Алтуг Челикбилек немесе рейтингіде 368-сатыдағы литвалық Вилиус Гаубастың қай жеңгенімен кездеседі.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 262-сатыдағы Михаил Кукушкин бірден негізгі жарыста бақ сынайды. Оның қарсыласы – әлемнің 255-ракеткасы, америкалық Мартин Дамм.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында қазақстандық теннисшілердің қарсыластары кімдер екенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).