Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Kazinform.
Г.Ломакин ресейлік Евгений Филипповпен бірге жарыстың – екінші ракеткалары, ал финалдағы қарсыластары – ұлыбританиялықтар Бен Джонс пен Дэвид Стивенсон үшінші ракеткалары болып тіркелді.
Қазақстандық-ресейлік жұп тартысты матчта 6:7 (5:7), 6:7 (2:7) есебімен есе жіберді.
Г.Ломакин жұптық сында әлемдік рейтингіде 304-орында тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық Григорий Ломакиннің Мысырдағы жарыстың финалына өткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).