Қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың финалына шықты

Фото: Фото: Polisia.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шарм-Эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің финалына шықты.

Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген Г.Ломакин мен ресейлік Илья Симакин финалға барар жолда үш кездесуін сәтті өткізді.

Қазақстандық-ресейлік жұп жартылай финалда доданың 2-ракеткалары, америкалықтар Трэй Хильдебранд – Ноа Шахтерден өте тартысты матчта басым түсті - 7:6 (7:3), 6:7 (8:10), 10:7.

Г.Ломакин – И.Симакин соңғы бәсекеде турнирдің 1-ракеткалары, ұлыбританиялық Бен Джонс – швейцариялық Якуб Паульмен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Италия турнирінің жартылай финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Недовесов Португалиядағы жарыстың жартылай финалына өтті.