АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Сандуғаш Кенжебаева чехиялық Ивана Себестовамен бірге ширек финалда ресейлік Полина Кайбекова – грузиялық Зозия Кардаваны жолдан тайдырды.
Қазақстандық-чехиялық дуэт 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
С.Кенжебаева – И.Себестова финалға шығу үшін нидерландылықтар Лус Эбелинг Конинг – Сара Ван Эмстпен шеберлік таластырады.
Осы жарыста өнер көрсеткен Асылжан Арыстанбекова – Аружан Сағындықова ширек финалда ресейліктер Софья Гапанькова мен Ксения Ершке жол берді – 5:7, 2:6.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 332-орындағы Жібек Құламбаева Лозадағы (Португалия) ITF W35 турнирінің екінші айналымында әлемнің 274-ракеткасы, аустралиялық Тина Смиттен (4:6, 1:6) жеңіліс тауып, ширек финалдан тыс қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Мысырдағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).