Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Г.Ломакин украиналық Вадим Урсумен бірге ширек финалда сербиялық Борис Бутулия – ресейлік Савелий Ивановпен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-украиналық жұп тартысты матчта 6:1, 5:7, 10:6 есебімен жеңіске жетті.
Г.Ломакин – В.Урсу финалға шығу үшін германиялықтар Тим Руехл – Макс Вискандпен таласады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).