АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Монастир (Тунис) ITF турнирінің чемпионы атанды.
Қазақстандық теннисші бразилиялық Пауло Андре Дос Сантоспен бірге жартылай финалда түркиялықтар Ченгиз Ақсу — Алп Хорозды 1:6, 6:0, 10:6 есебімен ұтты.
Қазақстандық-бразилиялық жұп финалда германиялық Никлас Шелл — ұлыбританиялық Маркус Уолтерспен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда Шелл — Уолтерс 6:4 есебімен басым түсті. Дегенмен екіншісінде Қазақстандық бразилиялық дуэт есе қайырды — 6:2. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 10:8.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Заңғар Нұрланұлының Азия теннис федерациясы рейтингісінде көш бастағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).