Қазақстандық теннисші Тунистегі жарыста жеңімпаз болды

Фото: Фото: ktf.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Монастир (Тунис) ITF турнирінің чемпионы атанды.

Қазақстандық теннисші ресейлік Егор Агафоновпен бірге финалда жарыстың 1-ракеткалары, бразилиялық Пауло Андре Дос Сантос - оңтүстікафрикалық Крис Ван Викпен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін Г.Ломакин Пауло Андре Дос Сантоспен бірге Монастирде дәл осындай додада үздік шыққан еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Тунистегі турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.