Қазақстандық Дмитрий Попко жұптық сында Анталия (Түркия) ITF турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген Д.Попко мен молдовалық Илья Снитари бастапқы кездесуін америкалық Габриэль Томас – түркиялық Баран Сойлермен сәтті өткізді.
Үш сетке созылған бәсекеде қазақстандық-молдовалық жұп 4:6, 6:0, 10:3 есебімен жеңіске жетті.
Д.Попко – И.Снитари жартылай финалға шығу үшін аустриялық Ян Кобриески – италиялық Федерико Валлемен таласады.
Тағы бір қазақстандық Даниал Рахматуллаев ресейлік Иван Фоминмен бірге ширек финалға шыға алмады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).