Қазақстандық Дмитрий Попко жұптық сында Анталия (Түркия) ITF ширек финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші молдовалық Илья Снитаримен бірге ширек финалда аустриялық Ян Кобриески – италиялық Федерико Валлемен шеберлік таластырды.
Қазақстандық-молдовалық дуэт 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Дмитрий Попко – Илья Снитари финалға шығу үшін доданың 4-ракеткалары, ресейліктер Дани Голубев – Евгений Тюрневпен таласады.
Қазақстандық спортшы жекелей сында да табысты өнер көрсетуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Түркиядағы турнирдің ширек финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).