Қазақстандық теннисші екінші сатыдағы Польша өкілі Ига Швентекке (7 978 ұпай) жақындай түсті.
Аустралия чемпионатының финалында Е.Рыбакинадан жеңіліс тапқан әлемнің 1-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенконың есебінде 10 990 ұпай бар.
Алғаш рет Аустралия біріншілігінің төртінші айналымына дейін жеткен Юлия Путинцева 94-тен 70-сатыға шықты.
Сондай-ақ осы турнирде бақ сынаған Зарина Дияс 290-нан 282-ге жайғасты.
Аустралия додасының финалисі Анна Данилина жұптық сында 14-тен 11-ге жоғарылады.
Ерлер арасында ATP рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 3 065 ұпаймен 10-орнын сақтап қалды. Ол 9-сатыдағы америкалық Тейлор Фрицке (3 840 ұпай) жақын тұр.
Александр Шевченко ТОП-100-ге қайта оралып, 97-ге ( 7) орнықты.
Тимофей Скатов та көрсеткішін жақсартты. Ол қазір 183-орында ( 12).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Карлос Алькарастың барлық «Үлкен дулыға» турнирін ұтқан ең жас теннисші атанғанын жазған едік.