Қазақстандық теннисшілер Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Бейбіт Жұқаев бастапқы кездесуін тәжікстандық Фируз Мухидиновпен өткізді.
Есеп 0:3 болған кезде тәжікстандық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Денис Евсеев Шығыс Тимор өкілі Агапито Феррейраны ойсырата ұтты – 6:0, 6:0.
Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев жұптық сында 23 минутта тәжікстандықтар Бахтиер Исроилов – Собир Саидовқа еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0, 6:0.
Григорий Ломакин мен Дмитрий Попко қатарлықтар Исса Шанан Альхарраси – Рашед Наифты тізе бүктірді – 7:6, 6:2.
Тек Гөзал Айнитдинова ғана индонезиялық Джанис Тьенге есе жіберді – 1:6, 2:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық журналистердің әлем чемпионатында алтын мен күміс алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).