АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисшілер жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF W15 турнирінің ширек финалына шықты.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Сандуғаш Кенжебаева мен чехиялық Ивана Себестова бастапқы матчта болгариялық Ива Иванова – словениялық Эла Нала Миличті оңай жеңді – 6:1, 6:2.
Қазақстандық-чехиялық жұп жартылай финалға шығу үшін ресейлік Полина Кайбекова – грузиялық Зозия Кардавамен таласады.
Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова – Аружан Сағындықова алғашқы айналымда ресейлік Марианна Шиханова – мысырлық Хамс Метвалиді жолдан тайдырды – 6:1, 6:3.
Асылжан мен Аружанның ширек финалдағы қарсыластары – ресейліктер Софья Гапанькова мен Ксения Ерш.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Португалиядағы жарысты сәтті бастағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).