АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисшілер жұптық сында ATP рейтингісінде жоғары көтерілді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов 48-ден 47-орынға шықты.
Сонымен қатар Александр Бублик 144-тен 133-ке ауысты.
Басқа да қазақстандық теннисшілердің жұптық сында алға басып келе жатқанын байқауға болады. Атап айтқанда, қазіргі кезде Алексей Нестеров — 556 ( 5), Тимофей Скатов — 868 ( 1), Александр Шевченко — 879 ( 1), Ростислав Гальфингер — 1588 ( 5), Тимур Мәуленов — 1709 ( 11), Павел Петров — 2114 ( 1) және Ерасыл Ерділдә — 2444-орында ( 2) тұр.
А.Недовесов румыниялық Виктор Влад Корнямен бірге кеше Истбурн (Ұлыбритания) ATP 250 турнирінің алғашқы айналымында аргентиналық Себастьян Баэс – Мариано Навонға 3:6, 6:7 (2:7) есебімен жол беріп, ширек финалға шыға алмай қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық үш теннисшінің Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңінің жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).