Қазақстандық теннисшілердің Рим жарысындағы қарсыластары анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — 6-17 мамыр аралығында өтетін Рим (Италия) WTA 1000 турнирінің жеребесі тартылды.
Қазақстандықтар Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева ірі жарысты екінші айналымнан бастайды.
Е.Рыбакина әлемнің 47-ракеткасы, жапониялық Моюка Учижима немесе рейтингіде 63-орындағы германиялық Ева Листің қай жеңгенімен кездеседі.
Ю.Путинцева әлемнің 51-ракеткасы, америкалық Алисия Паркс немесе рейтингіде 74-сатыдағы румыниялық Жаклин Кристианның біреуімен ойнайды.
Өткен жылы Римде финалда беларусиялық Арина Соболенконы ұтқан Польша өкілі Ига Швентек жеңімпаз атанған болатын.
Ерлер арасында Рим мастерс турнирінде Қазақстанның бірінші, әлемнің 76-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда рейтингіде өзінен бір саты төмен тұрған ресейлік Роман Сафиуллинмен шеберлік таластырады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде 12-орынға сырғығанын жазған едік.
Сондай-ақ Александр Шевченко Рим мастерс турнирін жеңіспен бастады.