— Қазір 45 данасын экспорттап қойдық. Қазақстанның өнімі алдымен Үндістанға барады. Үндістанда тепловоз толықтай құрастырылып, Жаңа Гвинея еліне сатылады. Демек, Жаңа Гвинея елінің темір жолын, экономикасын көтеруге Қазақстанның ықпалы бар деген сөз. Ал арба — тепловоздағы ең басты бөлшектердің бірі, - дейді маркетинг және сату бөлімінің басшысы Рауан Дөңсебаев.
Қазақстандық мамандар дайындап жатқан арба - теміржол машинасының ең маңызды бөлшегі. Мұндағы жұмысшылар, бұдан бөлек тепловозға қажетті бірталай жабдықтарды өздері жасап шығарады. Осылайша зауыт басшылығы кәсіпорынды Еуразиядағы маңызды өндіріс орталығына айналдыруды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, «Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы өткен ғасырдың 70-80 жылдарында шығарылған локомотив паркінің ескі серияларын жоюды жоспарлап отыр.