АСТАНА. KAZINFORM – 14 жастағы қазақстандық теннисші Ева Корышева Аустралия ашық чемпионатына орайластырылған «Мельбурн парк» корттарында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан ATF Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy турнирін сәтті бастады.
А тобына түскен Ақтөбе теннис мектебінің түлегі алдымен өзбекстандық Эмилия Кимді 7:5, 6:2 есебімен жеңді. Содан кейін аустралиялық Эмили Ченнен айласын асырды – 7:5, 6:0.
Ертең Ева Корышева үндістандық Харита Ванкатешпен кездеседі.
Өткен жылы осы жарыста астаналық Альбина Кәкенова финалға дейін жеткен еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандықтардан алғаш болып Әмір Омархановтың ширек финалға шыққанын жазған едік. Ал Аустралия чемпионатында Асылжан Арыстанбекова жартылай финалдан тыс қалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).