Қазақстандық жас теннисшілер жұптық сында Аустралия чемпионатын сәтті бастады
МЕЛЬБУРН. KAZINFORM — Қазақстандықтар Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасында жұптық сында Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады.Ә.Омарханов оңтүстіккореялық Чанджун Киммен бірге екінші айналымға шықты.
Фото: ktf.kz
Олар бастапқы кездесуінде испаниялық Изан Валентине — нидерландылық Тейс Богардты қапы қалдырды — 6:3, 7:5.
Омарханов пен Ким бір-бірін жақсы біледі. Қос теннисші жекелей сында үшінші айналымда өзара кездеседі.
Осыған дейін екеуі бір рет шеберлік байқасып, онда Әмір жеңген еді.
Фото: ktf.kz
Асылжан Арыстанбекова белоруссиялық Юлия Перепихинамен бірге аустралиялықтар Рени Алэйм — Алана Сибасичті 6:1, 6:3 есебімен ұтып, екінші айналымға өтті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Әмір Омархановтың үшінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).