АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан жасөспірімдер құрамасы таеквондодан Ресейдің Одинцово қаласында өткен халықаралық турнирде үш медаль еншіледі.
68 келіден жоғары салмақта Любовь Юн күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ осы салмақта Нұрила Жарас қола жүлдеге ие болды.
Ал 68 келіге дейінгі салмақта Балгерім Өтеген Қазақстан құрамасының қоржынына екінші қола жүлдені салды.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық спортшылар U20 әлем чемпионатында екі ұлттық рекордты жаңартқанын хабарлаған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.